Акушерлік - гинекология пәнінен бойынша бекет

А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ - ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

ШЫМКЕНТ МЕДИЦИНА ИЕСТИТУТІ

АКУШЕРЛІК – ГИНЕКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ПЕДИАТРИЯ КАФЕДРАСЫ

«Бекітемін»

Шымкент медицина институтінің

Директоры, м.ғ.д., профессор

Р.С. Бектұрғанов

________________________________

Ж.

Жалпы медицина» мамандығы 5 курс

Акушерлік - гинекология» пәнінінен бойынша

Оқу жылына

Мемлекеттік емтихан

Откізуге арналған

ОҚКЕ БЕКЕТТЕРІ

ШЫМКЕНТ 2015 ж.

Кафедра мәжілісінде талқыланып, бекітілген.

Кафедра меңгерушісі;м.ғ.к ., доцент _________________________ Л.М.Бегимбекова

Хаттама №____«___»______ 2015ж.

Мемлекеттік емтихан өткiзуге арналған ОҚКЕ бекеттері

оқыту және бағалау комитеті мәжілісінде қаралған.

Комитет төрағасы _____________ м.ғ.д., м.а.профессор А.Ш. Садыкова

Хаттама №____"____" _____________ 2015 ж.

Мемлекеттік емтихан өткiзуге арналған ОҚКЕ бекеттері

білім беру бағдарламалары комитеті мәжілісінде

мақұлданған

Хаттама №____ "____" _____________ 2015 ж.

Комитет төрайымы,м.ғ.к., доцент_________________ П.Е.Калменова

Жалпы медицина» мамандығы 5 курс

Акушерлік - гинекология» пәнінінен бойынша

Оқу жылына

Мемлекеттік емтихан откізуге арналған

ОҚКЕ БЕКЕТТЕРІ Ң

Т l З l М l

Кезең студенттерге арналған мәселелер макс. ұпай уақыт мин.
Сыртқы акушерлік тексеру әдістерін жургізу
Босанудың ІІІ-кезеңін белсенді жүргізу
Гинекологиядағы арнайы тексеру әдістері
Шүйдемен жатудың алдыңғы түріндегі босану жүггізу
5. Жатыр ішілік контрацептивті енгізу техникасы
Қынаптан жағынды алу

Бекеттің ең жоғарғы ұпайы – 10 (100%)

Акушерлік - гинекология пәнінен бойынша бекет



Экзаменаторға ақпарат:төмендегі критерийлерге сүйене отырып студенттердің біліктілігін бағалаңыз:

Бағалау критерилері сыртқы акушерлік тексеру әдістерін жургізуді Балл жүйесімен бағалау
Жоқ Ия, бірақ коррекция жасау керек Ия
Науқастарды жүргізу Жүкті әйелді кушетқаға жатқызып, ішінің пішінін қарау және тексеруді жүргізеді. Сантиметрлі лентамен іш айналымын өлшеп, оның өлшемін көрсетеді. (мерзіміне жеткен жүктілікте іш айналымы 90-95 см тең)
Содан кейін жатыр түбінің биіктігін өлшейді, бұл үшін сантиметрлі лентаның бір ұшын қасағаға одан жатыр түбіне дейін жеткізіп, бұндағы ұзындығын анықтап көрсетеді. (мерзіміне жеткен жүктілікте ол 32 см тең) Жоғарыдағы көрсеткіштерге сүйене отырып жүктіліктің болжамалы мерзімін және ұрықтың болжамалы салмағын Жордания формуласы бойынша анықтайды ( ІА х ЖТБ)
Леопольд-Левицкий тәсілімен сыртқы акушерлік зерттеу әдісін жүргізу үшін жүкті әйелді кушетқаға жатқызып, емтихан тапсырушы әйелдің оң жағында орналасады. І-тәсілде жатыр түбінің биіктігін және нәрестенің алғашқы бөлігін анықтайды, бұл үшін оң және сол қолдарының алақандарын жатыр түбіне саусақтарын ұштастырып орналастырады. ІІ-тәсілде жатыр түбінде орналасқан қолдарын жатырдың екі бүйіріне қарай жылжытып, осы жерде орналасқан ұрықтың арқасын және майда бөлшектерін , позиция және түрін анықтайды. Егер нәрестенің арқасы сол жағында орналасса- бұл бірінші позиция, ал оң жағында орналасса – бұл ІІ позиция. Егер нәрестенің арқасы жатырдың алдыңғы қабырғасында орналасса- алдыңғы түрі, ал артқа қарап орналасса- артқы түрі болып орналасады.
ІІІ-тәсілде нәрестенің алғашқы бөлігін және оның кіші жамбастың кіреберіс жазықтығына қатынасын анықтау үшін зерттеуші оң қолды шаттың жоғарғы жағына қойып, бас бармақты бір жағына, төрт саусақты екінші жағына орналастырады. Егер нәрестенің бас бөлігі болатын болса ол тығыз, дөңес, қозғалмалы болып келеді, ал жамбасы болатын болса, ол жазықтау және қозғалмалы емес. ІV-тәсілде нәрестенің орналасуын және алғашқы бөлігінің кіші жамбастың кіреберіс жазықтығына қатынасын анықтайды. Бұл үшін зерттеуші әйелдің оң жағында орналасып, аяқтарына қарап тұрады. Ол үшін екі алақанды жатырдың төменгі бөлігіне қойып, қолдың екі ұшын шатқа тірейді
Нәрестенің жүрек соғысын тыңдау. Нәрестенің позициясына және алдында орналасқан бөлігіне байланысты стетоскопты орналастырады. Нәресте басымен орналасуында стетоскопты кіндіктен төмен, ал жамбаспен жатуда кіндіктен жоғарыда орналастыру қажет. І позицияда- стетоскоп әйел ішінің сол жақ бөлігіне, ал ІІ позицияда оң жақ бөлігіне орналастырады. Нәресте жүрек соғысының жиілігін анықтайды, қалыптысы - 110-160 рет/мин, анық, ритмді.
Барлығы

Бекет бойынша максимальды балл – 10 (100%)




0442940993362153.html
0442983493131296.html
    PR.RU™